40 көшеге 3,5 млрд теңге

Семейде биыл 40 көше жаңа кейіпке енеді. Оның жартысы бұрын-соңды жөндеу көрмеген.

Жоспар бойынша 36 шақырым жолға асфальт төселеді. Құрылыс жұмыстарына бюджеттен 3 жарым миллиард теңге бөлінеді. Бұдан бөлек бірнеше көпқабатты үйдің ауласы асфальтталады.

Әділбек Увасилов, қалалық жолаушылар көлігі және автожолдар бөлімі басшысының м.а.:

- Бұның ішінде жартысы асфалтталмаған, жаңа көшелер. Жартысы асфальті бар, бірақ тозған, соларды қайтадан ауыстыру. Шамамен 50 аулаға жасаймыз ба деген ой бар. Өйткені, әр ауланың көлемі әртүрлі. Соған байланысты.