8 млрд. «Шегірткеден қорыққан егін екпес» болмасын
Биыл егістік алқаптарында шегіртке қаптап, шаруаларды шаш етектен шығынға батыруы мүмкін.
Себебі зиянкес табиғи түрде ең көп таралады деген қауіп бар. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылып, мәселенің алдын алу тетіктері қаралды.
Биыл жәндіктерді жоюға бюджеттен 8 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ жиында көктемгі егіс жұмыстарының жайы да пысықталды. Премьер-министр жер жыртып, дән тастаған дихандардың мәселесін уақытылы шешуді тапсырды.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
- Бұған дейін мен пайыздық мөлшерлемені субсидиялауды күтпей-ақ, егіншілерге қосымша кредит беруді бастаңыздар деп тапсырған болатынмын және ауыл шаруашылығын қаржыландыру жыл сайын ұлғайып келеді. Биыл қандай сапалы өзгерістер мен нақты көрсеткіштерді күтеміз?
Айдарбек Сапаров, ҚР Ауылшаруашылығы министрі:
- Жыл сайын берілетін 140 млрд пен 40 млрд форвардтық сатып алу игерілді. Қосымша 400 млрд. Сіздің тапсырмаңыз бойынша бүгін үкіметтің қаулысы шығады. Бірақ ол оған қарамастан сіз тапсырғандай бүкіл облыстың тізімін жинадық бүгінгі күні. Аграрлық несие бойынша корпорацияға өтініштер түсіп жатыр. Дүйсенбіден бастап қаржы түссе шаруашылықтар қаржыларын ала бастайды.