«Қыстың қамын жаз ойла». Сәтқалиев не дейді?
Биыл республиканың электр стансаларында 10 энергоблокты, 55 қазандықты және 45 турбинаны жөндеу жоспарланған.
Жалпы ұзындығы шамамен 21 мың шақырым электр желілерін, тағы 423 жоғары вольтты қосалқы стансалар жөнделеді. Барлық жұмыс кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр.
Отандық энергетиканың инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін салаға 327 млрд теңге тарту көзделген. Бұл өткен жылғы деңгейден 44%-ға артық.
Айта кеткен жөн, энергия көздерін дайындауға Үкімет резервінен алдын ала 17 млрд теңге бөлінді. Қалған өтінімдер бойынша жұмыс жақын арада аяқталады.
Алмасадам Сәтқалиев, ҚР Энергетика министрі:
- Күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қажет. Энергетикалық қадағалау комитеті аталған іс-шараларға бақылау жүргізетін болады. Энергетика министрлігі энергетикалық кәсіпорындарды алдағы күзгі-қысқы кезеңге сапалы дайындау бойынша жұмысты жалғастыратын болады.