Олжас Бектенов Лю Гочжунмен ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдеуді талқылады

Ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу саласындағы ынтымақтастық.

Олжас Бектенов Қытай Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Лю Гочжунмен кездесу барысында саладағы өзара іс-қимылды арттыру перспективаларын талқылады. Үкімет басшысы еліміз Қытай нарығына органикалық және экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу көлемін арттыруға дайын екенін атап өтті. Бұған Қытай тарапынан қазақстандық ет және құс өнімдерін әкелуге қойылған шектеулердің біртіндеп алынып тасталуы оң серпін береді. Ал Лю Гочжун жасанды интеллект, электронды коммерция, спутниктік байланыс және «жасыл» энергетиканы дамыту саласындағы серіктестікті дамыта түсуге ниетті екенін жеткізді. Талқылау барысында транзиттік-көлік саласындағы ынтымақтастыққа, жаңа серпінді инвестициялық жобалар арқылы индустриялық-инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейтуге назар аударылды.