Олжас Бектенов ҚДБ төрағасымен кездесті

Елдегі қаржы институттары агроөнеркәсіп саласындағы жобаларға 1 трлн 220 млрд теңге бөлуге дайын.

Бұл туралы Премьер-Министр Олжас Бектеновке жұмыс кеңесі барысында «Қазақстан Даму Банкінің» басқарма төрағасы Марат Елібаев баяндады. Қазірдің өзінде банк ауыл шаруашылығын дамыту бойынша басым бағыттарға талдау жасады. Олардың ішінде ет, сүт және астықты терең өңдеу, жылыжай шаруашылығын дамыту, құс фабрикаларын, көкөніс қоймаларын салу сияқты инвестициялық жобалар бар. Үкімет басшысы Банк басшылығына азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, импортты алмастыруға және отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайтуға бағытталған жобаларға басымдық беруді тапсырды.