Кейбір жеткізушілер тұтынушы құқығын таптап жүр

Тұтынушылар арасында электронды сауда-саттыққа сұраныс артты.

Күнделікті ішім-жемнен бастап үлкен техникалар мен жиһаздарға онлайн дүкендерден тапсырыс беретіндер көп.

Жеткізу қызметі де жылдан жылға дамып келеді. Дегенмен салаға қатысты түйткіл де бар.

Жарнамада жеткізу қызметінің ақысын жасырып, кейін қыруар қаржы талап ететіндер бар. Астана қаласының тұрғыны Меруерт Асқарқызы осылай дейді. Ол электронды дүкендердің бірінен жиһазға тапсырыс берген. Толық төлем жасаған, дегенмен кейін келісілген сома көбейген. Онысын сұрағанда жеткізу және құрастыру қызметінін құны екенін білген. Ал кейіпкеріміз алғашқы хабарламада ондай келісім болмағанын тұтынушылық құқығы тапталғанын айтады.

Меруерт Асқарқызы, Астана қаласының тұрғыны:

- Балалар бөлмесіне арналған шкафқа заказ бердім. Бұл шкафтың құны маған ұнады. 73 500 тг деп маған сатушы айтқан сомманы аудардым. Бірақ жеткізуге жақындаған уақытта оған қосымша ақы жеткізіп берген әр қабаты үшін көтерген мың теңге, жинақтау үшін 10 пайыз, жиһаз құнынан он пайыз ұсталынады деген хабарлама келді. Әрине мен оған қарсы болдым, себебі интернет дүкенінде оған жария офертасына қол қойған жоқпын. Келісім берген жоқпын және ол туралы келісім болған жоқ.

Кейін қосымша ақы төлеуден бастартып, құзырлы органдардың қызметіне жүгінген. Өзінің ісі заңсыз екенін білген кәсіпкер тегін жеткізіп, құрастыру үшін де ақы алмаған. Биылдың өзінде дәл осы кейіпкеріміз секілді 3981 қазақстандық қызмет сапасына көңілі толмай, арызданған.

Шәкәрім Хайдар, ҚР СИМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің бақылау және үйлестіру басқармасының сарапшысы:                    

- Заң бойынша ҚР Тұтынушылардың құқығын қорғаудың  24-бабында сатушының міндеттері жазылған. Оған сәйкес сатушы немесе орындаушы тауардың, қызметтің барлық бастапқы бағасы толық яғни тұтынушыға ақпарат ретінде жеткізу керек. 

Бұл дегеніңіз әу баста көрсетілмеген құнды төлемеуге құқығыңыз бар деген сөз. Дегенмен, барлық тапсырыстарыңызды тегін тасымалдауға сатушы міндетті деуге тағы болмайды. Ақылы қызметтер де бар. Ондайда дүкен иесі хабарламада  екі тілде ақпарат беру керек.      

Шәкәрім Хайдар, ҚР СИМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің бақылау және үйлестіру басқармасының сарапшысы:             

- Қазіргі уақытта комитетке келіп түскен өтініштердің мысалға бөліп айтатын болсақ, бөлшек саудада тұтынушылардың құқықтары көп бұзылады. Қарапайым дүкенге барғанда, сатушылардың тиісті де, тиісті емес сападағы тауарларды ауырбастауда немесе ақшасын кері қайтарып беруден бастартуы. Сонымен тауардың ақауы табылған кезде де ақшасын қайтарып беруден бастартуы бөлшек саудаға үлкен пайда 8637 өтініш келіп түскен.

Бас-аяғы жыл басталғаннан бері 17 мыңнан астам адам тұтынушылық құқығының тапталғанын айтып, жауаптыларға жүгінген. Олардың 378 млн теңге қаржысын қайтарып алуға құзырлы тараптар қол ұшын берген. 

Шернияз Жалғасбекұлы, Арман Ақшабаев