Қазақ-корей бизнес форумы аясында 23 құжатқа қол қойылады

Оңтүстік Кореядан елімізге 50-ден астам ірі компания өкілдері келді, деп хабарлайды 24kz.

Олар Астанадағы қазақ-корей бизнес форумына қатысып жатыр. Биылғы іскерлік басқосуға ірі компаниялар ғана емес, бизнес әлеміне енді еніп жатқан, бірақ үлкен үміт күттіретін кореялық стартаптар да келген. Демек, олар кәсібін біздің елде дөңгелетпек ниетте. Аталмыш форматтағы жиын биыл 13-ші мәрте өтіп жатыр. Бұған дейін қос елдің кәсіпкерлері 2021 жылы Сеулде бас қосқан болатын.

Салтанат Сәтжан, «Самұрық-Қазына» АҚ Жекешелендіру және дамыту жөніндегі атқарушы директоры:

- Форум аясында 23 құжатқа қол қойылады. Құны 430 млн доллардан асады. Және мұндай орум Қазақстанның экономикасына үлкен пайда әкеледі деп ойлаймыз. Қазақстанның инвестициялық климаты қазір өте жақсы. Осы форумда тек қана үлкен компаниялар ғана емес, стартаптар да келіп отыр.