«Ауыл аманаты» бойынша кәсіп ашуға халықты ынталандыру қажет

Алматы облысында «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасымен халықты кәсіп ашуға ынталандыру қажет. 

Бұл орайда ауыл әкімдеріне артылар сенім мен жауапкершілік жоғары. Лауазымды тұлғалар осыны дұрыс түсініп, нақты іске көшкені жөн» -деді аймаққа жұмыс сапарымен барған Үкімет басшысының орынбасары Тамара Дүйсенова. Ол жергілікті тұрғындармен кездесіп бағдарламаның берері туралы айтты. Бірқатар кәсіпорында болып, отандық тауар өндірушілердің сұрақтарына жауап берді.  

Былтыр өңірде «Ауыл аманаты» жобасымен 400-ге жуық адамға шағын несие берілді. Оның жалпы соммасы 9 млрд. теңгеден асады. Тұрғындар негізінен, мал сатып алып, төл басын көбейтуде.  Жамбыл ауданы Ақсеңгір ауылына барған Тамара Дүйсенова «Қазына» жобасы аясында қой-мен ешкі сатып алған отбасылармен кездесті. Ауылда бизнесті дамытуға мүмкіндік бар. Тек соны ұйымдастыра білу керек. Бұл іске қоғамдық бірлестіктер де атсалысады. 

Ақерке Тәтішева, қоғамдық бірлестік басшысы:

«Әр отбасыда әрбір айда кішігірім мысалы жоспарлар болады. Кім осы айда ең жақсы қорна ысалып, өздерінің қойларына ең жақсы жағдай жасайды ия.Сол отбасыға осы айдың соңында біз сыйлық береміз. Мысалы машиналарын өңдеп, оларға бір жылдық бензин запасын береміз». 

Тамара Дүйсенова өңірде жобаның баяу іске асып жатқанын айтты. Мысалы, Талғар ауданында 33 мың отбасы бар. Бірақ жыл басынан бері 18 адам қайтарымсыз грант алған. Демек, халық бағдарламаның игілігінен бейхабар. «Байсерке Агро» серіктестігінде өткен жиында жастарды жұмысқа орналастыру мәселесі де сөз болды. Талапты жастардың өз кәсібін ашуынамүмкіндік беріліп отыр. Олар 5 жылға 5 млн.теңгеге дейін жеңілдетілген несие рәсімдеуіне болады. Өтініш көп емес. Сондықтан бұл бағытта да біраз шаруа атқарылуы тиіс.Бұдан бөлек «Ауыл ел бесігі, «Бір ауыл бір өнім» сынды жобаларға қатысуға болады. Оның пайдасын көпбалалы аналар да  көріп отыр.

Раиса Сүйінішбаева , кәсіпкер:

«Көп балалы ана статусымен қолдан жасалған шұжықтар. Осы бизнесіммен қатысып жеңіп алдым. Биы бір жыл болады. Бизнесіммен айналысып отырмын». 

Жергілікті атқарушы билік өкілдерімен, кәсіпкерлермен кездесу кезінде Тамара Дүйсенова әр ауылдың өз даму бағдарламасы болу керектігін айтты. Оны әкімдер ауылдастарырмен ақылдасып жасайды. Сонымен қатар фермерлік кооперативтер құрудың маңыздылығы сөз болды.

Тамара Дүйсенова , ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

«Халық табысын арттыру үшін не жасау керек? Халық табысын арттыру үшін үш ақ мәселе. Бірінші жұмысқа тұру, еңбекақы алу. Егер жаңа жұмыс орындары болса жұмысқа тұру керек те. Екінші кредит алып өз кәсібімізді ашып, табыс табуымыз керек. Үшінші егер де жастар енді ғана оқуды бітірген. Бір жылға шейін жастар практикасын алуға болады. Мысалы, 114 мың теңгені мемлекет төлеп жатыр еңбекақы ретінде ай сайын. Ал жұмыс беруші 35 % төлеуі керек. 

Жұмыс сапары кезінде Тамара Дүйсенова  Талғар мен Еңбекшіқазақ аудандарыныдағы кәсіпорындарды аралады. Есік консерві зауытына ат басын бұрды. Зауыт күніне 300 тонна көкөніс өңдейді. 60 адам еңбек етеді.Тауарлы сүт фермасының ұжымымен кездесіп, жұмысшылардың бірқатар сқрақтарына жауап берді.

А. Садуақас. Э.Кон