2029 жылға дейінгі инвестициялық саясат тұжырымдамасы өзектендірілді

Ислам даму банкімен су жобаларын қаржыландыру және іске асыру бойынша құны 1 млрд доллардан асатын келісім жасалуы мүмкін.

Себебі Ислам банкі тобының қаржы институттары мен Парсы шығанағының инвестициялық қорлары инвестор ретінде Қазақстанға қызығушылық танытып отыр. Сондай-ақ елдегі су ресурстарын басқару, көлік инфрақұрылымын салу, денсаулық сақтау және мұнай-газ секторы мен білім беру салаларына 7 млрд доллардан астам сома болатын 30-ға жуық жобаға қаржы тарту көзделіп отыр. Бұл туралы бүгінгі Үкіметтегі брифингте Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мәлімдеді. Оның айтуынша, 2029-шы жылға дейінгі инвестициялық саясат тұжырымдамасы өзектендірілді. Мұндағы мақсат – кемінде 150 млрд доллар көлемінде тікелей инвестиция тарту болып табылады.