Үкіметте дәнді дақылдарды экспорттау мәселесі қаралды

Биыл қыркүйек-қазан айларында темір жолмен 2,2 млн тонна астық тасымалданды.

Бұл өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 42%-ға артық. Бұл туралы бүгін Үкіметте егін жинау науқаны жөніндегі жедел штаб отырысында айтылды. Жиында элеваторлардың дәнді дақылдарды қабылдауы және экспортқа жөнелту барысы қаралды. Бүгінде дәнді және бұршақ дақылдарын жинау 99,8%-ға аяқталды. Орта есеппен 1 гектардан 16 центнер астық жиналған. Қазірдің өзінде 2,4 млн га майлы дақылдар жиналды. Ресей арқылы тасымалдау шектеусіз жүреді. Қазақстандық астықтың Ресей Федерациясына экспорты екі ай ішінде 43 мың тоннаны құрады. Ал Ресей арқылы транзитпен тасымалдау көлемі 104 мың тоннаға тең. Ақтау порты арқылы Иран бағытында қыркүйек - қазан айларында 249 мың тонна астық жөнелтілген.