Биыл Қазақстан мен Беларусь арасындағы алыс-беріс $600 млн жетті

Қазақстан мен Беларусь арасындағы алыс-беріс биылғы 8 айда 600 млн долларды құрады, деп хабарлайды 24kz.

Елімізде шығатын ұн және басқа өнімдер Беларусь нарығында сұранысқа ие. Сондай-ақ биыл 9 айда автокөлік тасымалы 19% артты. Қос елдің премьер-министрлері Минск қаласында келіссөздер өткізді. Олжас Бектенов әріптесі Роман Головченкомен сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Әсіресе, бидайды терең өңдеу, құрылыс индустриясы, көлік, IT саласы, туризм жобаларына екпін бере отырып, өнеркәсіп кооперациясы мен ауыл шаруашылығына баса назар аударылды. Бүгінде қос ел үкіметтері өнеркәсіп кооперациясын дамыту бойынша бірлесе жұмыс істеуде. Келіссөздер нәтижесінде екіжақты бірқатар құжатқа қол қойылды.