Атырау облысында тұз өнеркәсібіне инвестор керек
Атырау облысында 2 миллиард тоннадам астам тұз кеніші игерусіз жатыр.
Индер ауданында орналасқан пайдалы қазба инвестицияны қажет етеді. Биыл жергілікті мекеме осы жерден бар болғаны 29 тонна ас тұзы мен 62 тонна техникалық тұз өндірген. Келешекте инвестициялық жоба жүзеге асырылса, кеніш бүкіл республиканың ас тұзы мен тұз ерітіндісіне деген сұранысын өтей алады, дейді аудан басшылығы.
Әсет Оразғалиев, Индер ауданы әкімінің міндетін атқарушы:
- Инвестиция тарту бойынша қазіргі таңда жұмыстар қаралып жатыр. Инвестор келген жағдайда жұмыс орындарын ашуға өндірісті әрі қарай дамытуға мүмкіндік береді, қосымша салық түседі.