Ауыл шаруашылығы ғылымын өркендету маңызды

Президент ауыл шаруашылығы ғылымын өркендетудің маңыздылығын атап өтті.

Себебі қазір жаһандық азық-түлік нарығында бәсеке күшейіп келеді. Оған төтеп беру үшін ғылымды дамытуға баса мән беру керек. Соның ішінде тұқым шаруашылығын жандандыру – стратегиялық міндеттердің бірі болмақ. Бүгінде картоп пен қант қызылшасы бойынша отандық тұқымның үлесі 10 пайызға да жетпейді. Сондықтан Тоқаев биыл дәнді-дақылдар селекциясы мен тұқым шаруашылығын дамыту туралы кешенді жоспар қабылдап, үкіметке диқандарды отандық өніммен қамтамасыз етуді тапсырды. Сәйкесінше бұл көрсеткішті 2028 жылы 80 пайызға жеткізу қажеттігін атап өтті. Ал жоғары сапалы тұқымның үлесі 15 пайыз болу керек. Және мемлекет басшысы осы үшін француз кәсіпкерлерін саладағы инвестициялық жобаларды бірге жүзеге асыруға шақырған. 

ЦИТАТА

Қасым-Жомарт, Тоқаев ҚР Президенті

«Сондай-ақ жуырда Моңғолияға мемлекеттік сапармен барғанымды білесіздер. Ол жақта да өте маңызды келіссөздер болды. Моңғолия басшысымен бірге көптеген мәселені талқыладық. Екі көшпенді халықтың ұрпағы ретінде жылқы туралы да айттық. Моңғол жылқылары аласа болғанымен өте төзімді әрі ұзаққа шабады екен. Біз «тегіміз түркі, түлігіміз жылқы» деп, арғымақты айрықша қадірлеген елміз. Тұтас тарихымыз тұлпардың тұяғымен жазылған. Жалпы, қазақтың мінер көлігі де, ішер асы да жылқымен тығыз байланысты. Саумал мен қымыздың сан түрлі дертке шипа екені баршаға мәлім».