Жұмысшы мамандықтарға басымдық беріледі
Президент келер жылды - жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялаған еді.
Енді үкімет техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалап, еңбек адамдарының мәртебесін көтеруге міндетті. Қазір нарықта техникалық мамандық иелері тапшы екіні жасырын емес. Осы тұста саладағы сұранысты саралап, зерттеп көрген әріптесім Шернияз Жалғасбекұлын сөзге тартып көрейік. Елдегі кадр тапшылығы жайлы айтсаңыз, қанша маман қажет? Қандай мамандықтар сұраныста?
Ең алдымен елдегі жұмысшылар жайлы айтып берейін. Қазір 9 млн-нан астам қазақстандық жұмыспен қамтылған. Ал екі қолға бір күрек таппай сенделген халықтың саны - 451 мыңға жетті. Бұл жалпы жұмысқа жарамды жұрттың 4,7 пайызына тең.
9,1 млн қазақстандық жұмыспен қамтылған
жұмыссыздар саны - 451 мың адам
жұмыссыздық деңгейі -4,7%
Елде техникалық мамандар тапшы
Елде техникалық мамандар тапшы. 2030 жылға қарай жұмысшы кадрлардың қажеттілігі 1 млн адамнан асуы мүмкін. Ал жалпы жұмыс күшінің жетіспеушілігі 1,8 млн жанға жетеді деген болжам бар. Сол себепті қазірден қам қылған жөн. Жауапты министрлік сұранысы жоғары салаға білім грантын көптеп бөлуге ниетті. Мәселен, биыл бас-аяғы 112 мың грант берілсе, оның 60 пайызы техникалық мамандықтарға тиесілі.
2030 жылы кадр тапшылығы 1,8 млн адамға жетеді
техникалық мамандар - 1 млн адам
112 мың білім гранты бөлінді
техникалық мамандықтар - 60%
Қарлығаш Қалыбеккызы, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің басқарма басшысы
Техникалық мамандықтардың ішінде ақпараттық тенологиялық коммуникация салсында 10 900 грант бөлінді. Жаратылыстану, статистика мамандықтарына 8 288 мың грант берілді. Жалпы осы техникалық бағыттарға деген қызығушылық осы жастар арасында өте белсенді болып тұр. Техникалық бағыттарда деген қызығушылық соңғы 2 жылда өсім жоғары. 2019-2020 жылдары студенттер гуманитарлық мамандықтарға қызығушылық жоғары болған.
60 ЖОО техникалық маман дайындайды
Елде 120 университет бар. Оның тең жартысы техникалық мамандарды даярлайды. Колледждер де жұмысшы кәсіп иелерін дайындау қажырлы қызмет етіп келеді. Мәселен, жоғары оқу орындарында 97 мыңнан астам студент техникалық мамандықтарда білім алады. Ал биыл 22 мың жас оқуын тәмәмдап, еңбек нарығына қосылды. Дей тұрғанмен, кадр тапшылығы әлі де өзекті.
Қазақстанда 120 ЖОО бар
97 679 студент техникалық мамандықта білім алады
биыл 22 582 жас оқу бітірді
Қарлығаш Қалыбеккызы, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің басқарма басшысы
Жалпы елімізде 120 оқу орны бар. Ұлттық - 11 ЖОО, мемлекеттік - 29 оқу орны, азаматтық емес - 14, акционерлік -16 және жеке оқу орындарымыз бар. Олардың саны - 48. Жалпы осы инженерлік бағыттағы, техникалық бағыттағы мамандарды даярлайтын 60 ЖОО бар.
Депутат: Елді мекендердегі колледж ғимараттары тозып тұр
Ал мәжіліс депутаты Таңсауле Серіков техникалық мамандар даярлайтын колледждердің кеңес дәуірінен бері қызмет ететінін, ғимараттарының ескіргенін айтады. Әсіресе елді-мекендердегі оқу орындарының тозығы жеткен. Ондағы өндірістік құрал-жабдықтардың 70 пайызы тозып тұр. Мәжілісмен, колледждердің материалдық базасын жаңартуды ұсынды. Сонда ғана сапалы техникалық мамандарды көптеп дайындауға мүкіндік туады - дейді. Сондай-ақ, депутат теориямен қатар тәжірибені, шетелдік оқу орындарымен әріптестікті нығайтуды алға тартады.
Таңсауле Серіков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Жоғарыда айтылғандарды ескере отыра ұсынамын. Ауылдардағы колледждер жанынан шет елдік оқу орындарының филиалдарын ашуды қарастыру. Колледжде оқу арқылы студенттердің өндірістерде практикадан өту кезеңін 60 пайызға дейін жеткізуді қарастыру. Қазақстан колледждерін оптимизациялау мәселесін қарастыру. Колледж ұстаздарының жалақысын көтеру механизмін қарастыру.
Жалпы салалардағы кадр тапшылық осылай. Дегенмен, техникалық мамандықтарға сұраныстың артқанын да айта өткен жөн. Мәселен, өткен оқу жылында 182 жас мектепті тәмамдап, оның дені жұмысшы мамандықтарға оқуға түскен.