Астанада «Субконтракт биржасы-2024» форумы өтіп жатыр
Астанада бизнес өкілдерінің кездесуі өтіп жатыр.
«Субконтракт биржасы-2024» деп аталатын шараға қазақстандық ірі кәсіпорындар мен отандық тауар өндірушілер жиналған. Онда бірнеше ұзақмерзімді келісім жасалып, тиісті құжаттарға қол қойылды. Шарада қандай келісімдер жасалды?
- Бұл форум бірінші рет өтіп отыр ма?
бүгін шынымен бірнеше меморандумға қол қойылды. Жалпы шараға 10 шақты жер қойнауын пайдаланушы ірі кәсіпорын мен 60-тан астам отандық тауар өндіруші компания өкілдері келген. Сонымен қатар қонақтардың арасында мемлекеттік органдардың өкілдері де бар. Олардың қатысуымен бірнеше құжат бекітілді. Мәселен, машина жасауды дамыту орталығын құру бойынша төртжақты меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар бес отандық өндірушімен жалпы сомасы бес млрд теңге болатын ұзақмерзімді офтейк келісімшарт жасалды. Ұйымдастырушылар форумға 120 қатысушы тіркелгенін айтып отыр.
Бұл форум бірінші рет өтіп отыр ма?
Бұл жыл сайын өтетін іс-шара. .Оның мақсаты жаңа нарықтарды іздеуге, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және B2B байланыстарды қалыптастыруға ықпал ету. Мәселен, бүгін форумға келген өндірушілердің бәрі ұлттық компания өкілдерімен танысып, өзара байланыс орнатуға мүмкіндік алды. Ол үшін тапсырыс берушілер мен жеткізушілерге тікелей келіссөз жүргізу алаңдары ұсынылған. Сонымен қатар, кездесу барысында отандық тауар өндірушілер мен машина жасау саласын қолдау, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуы есебінен өндіріс көлемін ұлғайту мәселелері талқыланды.