Астанада бизнес өкілдерінің форумы өтті

Астанада бизнес өкілдерінің форумы өтті

Астанада бизнес өкілдерінің кездесуі өтті, деп хабарлайды 24kz.

«Субконтракт биржасы-2024» деп аталатын шараға 10 шақты жер қойнауын пайдаланушы қазақстандық ірі кәсіпорын мен 60-тан астам отандық тауар өндіруші компания өкілдері келген.

Сонымен қатар қонақтардың арасында мемлекеттік органдардың өкілдері де бар. Олардың қатысуымен бірнеше құжат бекітілді. Мәселен, машина жасауды дамыту орталығын құру бойынша төртжақты меморандумға қол қойылды.

Сонымен қатар бес отандық өндірушімен жалпы сомасы 5 млрд теңге болатын ұзақмерзімді офтейк-келісімшарт жасалды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, форумға 120 қатысушы тіркелген. Олардың бәрі бүгін ұлттық компания өкілдерімен танысып, өзара байланыс орнатуға мүмкіндік алды. Ол үшін тапсырыс берушілер мен жеткізушілерге тікелей келіссөз жүргізу алаңдары ұсынылған.