Павлодар облысына он айда ₸815 млрд инвестиция тартылды
Жыл басынан бері Павлодар облысына 815 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл былтырға қарағанда 30%-ке артық, деп хабарлайды 24kz.
Облыс өсім көрсеткіштері бойынша елде 2-орын, ал ауыл шаруашылығы саласына тартылған инвестиция көлемі жағынан 1-орынға шықты. Бұл жайында облыс әкімі Асайын Байханов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы брифингте баяндады. Биылғы 10 айда өңірдің өнеркәсіп өндірісі 2,8 трлн теңгеге жетіп, өңдеу өнеркәсібі 8%-ке ұлғайған. Павлодар облысы өңдеу өнеркәсібін өркендету бойынша елдің үздік үш аймағы қатарына кірді. Шикізаттық емес тауар экспорты бойынша үздік 5-тік қатарында. Асайын Байханов осы өнеркәсіптің өсуі өңір экологиясына кері әсері етпеу үшін қалдықтар көлемін кезең-кезеңмен азайту міндеті қойылғанын атап өтті.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі:
- Бұл бағытта біз барлық ірі кәсіпорындарды кешенді экологиялық шаралармен, соңғы эко-френдли технологияларын қолданылуын талап етудеміз. Бқл ретте құны 178 млрд теңге болатын экологиялық шешімдер ESG тобының 4 ірі кәріпорнында енгізілуде. Бұл қалдықтарды 50 мың тоннаға немесе 57%-ке төмендетеді. Бұнымен қоса, 2025-2027 жылдары аталмыш шаралар Павлодар мұнай зауытында 3 жылу және 2 энергетикалық орталықта қолданылатын болады.