Мемлекет есебіндегі жалдамалы пәтерді сатып алуға болады

Енді кез келген қазақстандық үй кезегіне тұра алады.

Ол үшін кейінгі бес жылда меншікті баспанасы болмауы керек.

Тұрғын үй заңына осындай өзгеріс енді. Сондай-ақ халықтың қолын қоныс-жайға жеткізу үшін бірнеше ереже өзгерді.

Елде 650 мыңнан астам адам үй кезегін тұр. Ұзын-сонар тізім күн санап көбеймесе, азаяр түрі жоқ. Пәтер жалдап, кезекте жылдап тұратын жұрттың жайы енді ғана жақсаруы мүмкін. Заңға өзгеріс енді. Жаңа құжат күшіне енсе, халықтың қолы қоныс-жайға жетеді. Жоспар да, меже де осы.

Жансұлтан Матай, «Отбасы банкі» төрағасының орынбасары:

- Осы заңға сәйкес Отбасы банкі ұлттық институты мәртебесі беріліп жатыр және оған осы тұрғын үй кезегінде орталықтандырылған бір жүйеде жүргізу құқығы беріліп жатыр. Бұл жаңалықтардың барлығы отбасы банкте толығымен 6 айдан кейін жұмыс жасайтын болады. Себебі осы заңда 6 ай өтпелі кезең  қарастырылған. Осы 6 айдың ішінде әкімдіктер бүгінгі таңда өздері жүргізіп отырған кезектің барлығын отбасы банкке береді. 

Кез келген қазақстандық үй кезегіне тұра алады

Иә, кезекті бұрыңғыдай жергілікті әкімдіктер жүргізбейді. Енді бұл жауапкершілік Отбасы банкіне жүктеледі. Сондай-ақ кез келген қазақстандық үй кезегіне тұра алады. Тек кейінгі бес жылдықта баспанасы болмауы шарт. 

Наурыз Сайлаубай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бұған дейін сіз мемлекеттік қызметкер ретінде, кіші қызметкер ретінде немесе басқа маман ретінде ғана кезекке тұралған болсаңыз, бұдан кейін мемлекеттік қызметкер болмасаңыз да, бизнес өкілі болсаңыз да, кіші бизнес өкілі болсаңыз да кезекке тұра аласыз деген сөз. Себебі бізде кейбір бағдарламалар яғни, кезекке тұрсаңыз төмен пайызбеен, тұрмасаңыз  жоғары пайызбен беріледі.  Олда әділетсіз деп ойлаймын.

Жалдамалы пәтерлерді сатып алуға болады

Мемлекет есебіндегі үйді жалдап тұратын жұрттың да жайы жақсарады. Жаңа заң аясында жалдамалы пәтерлерге сатып алу құқығы беріледі. Ол үшін қазіргі қожайындары қалдық құнын төлеуге міндетті.

Наурыз Сайлаубай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Заңның ең ұтымды тұсы, бұл жерде бұған дейін қаншама жыл арендалық үйде, мемлекеттен алған азаматтар сатып алу құқығынсыз деп айтайын астын сызып, осы азаамттар бұл заң аясында болашақта өздеріне жекешендіре алады. Бірақ бұл жерде жастар жоқ. Бұған дейін көп балалы, ҰОС немесе басқа да бағдарламалармен арендалық үй алған азаматттар заңдастырылады деген сөз, қалдық құнын төлеу арқылы.

Қазір арендалық үйлерде 50 мыңнан астам қазақстандық тұрып жатыр. Яғни осынша жан сатып алу құқығына ие болады деген сөз.

Шернияз Жалғасбекұлы