Қазақстан мен Ресейдің екіжақты инвестиция көлемі $18,5 млрд-қа жуықтады

Қазақстан мен Ресейдің өндірістік кооперация саласындағы бағдарламасы іске асырыла бастаған 5 жыл ішінде 93 ортақ жоба құрылды. Ал екіжақты инвестиция 18,5 миллиард долларға жуықтады. Осының нәтижесінде 22 мыңнан аса жұмыс орны ашылған. Бұл туралы Ресей мен Қазақстан арасындағы ХХ Өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық сессияссында онлайн сөз сөйлеген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

Уфадағы екікүндік іс-шараға Ресейдің 30 өңірі мен Қазақстанның 13 облысының өкілдері қатысып жатыр. Пленарлық сессия барысында Башқұрстан басшысы Радий Хабиров Ақтөбе және Қостанай облыстарының әкімдерімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Омбы және Солтүстік Қазақстан облыстары арасында да келісім жасалды. Бұдан бөлек, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Башқұрстанның сауда-өнеркәсіптік палатасы да ортақ құжатқа қол қойды.