Астанада өнеркәсіп өндірісінің көлемі 7% артты

Елордада өнеркәсіп өндірісінің көлемі 7%-ке артты, деп хабарлайды 24kz.

Биылғы бірінші жартыжылдықта қаладағы жалпы өңірлік өнім көлемі 5,5 трлн теңгеге жетті. Бұл былтырғы көрсеткіштен 7% артық. Бүгін Премьер-министр қаладағы кәсіпорындарда металлургия, жеңіл және құрылыс өнеркәсібі, автомобиль мен теміржол машинасын жасау орындарының даму қарқынымен танысты. Олжас Бектеновке, Астана әкімінің орынбасары Евгений Глотов, шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады.

Сондай-ақ Үкімет басшысы Digital System Servis зауытының өнідірістік цехтарын аралап көрді. Жаңғырту жұмыстарынан кейін оның қуаты жылына 720 мыңға дейін өскен. Олжас Бектенов импортқа тәуелділікті азайтып, жоғары технологиялық өнімнің экспортын ұлғайту мақсатында мұндай өндістердің маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар теміржол машинасын жасау зауытының және тігін фабрикасы жұмысымен танысты.