Астанада төрт инвестордың құқығы қорғалды

Астанада уәкілетті мемлекеттік орган 4 инвесторға жер телімдерін беруден негізсіз бас тартты.

Оған ақпараттық жүйедегі техникалық проблемалар негіз болған. Сөйтіп, инвесторлар ұзақ уақыт бойы инвестициялық жобаларын іске асыра алмаған. Бірақ прокурорлық қадағалау актісі бойынша мәселе шешіліп, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Нәтижесінде прокурорлар, қаладағы жартылай фабрикат өндіру цехы мен мұнай өнімдері қоймасын салу және өндірістік-қойма кешенін пайдалану мен газоблок өндірісі бойынша жобаларды жүзеге асыруға ықпал етті. Жалпы жоба инвестицияларының көлемі 4 миллиард теңгеден асады. Олар 240-тан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.