Елімізде әрбір бесінші адам сауда саласында жұмыс істейді
2024 жылдың 10 айында 845 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты.
Оның 730 мыңында міндетті зейнетақы жарнасы бар. Еңбек және халықты әлеуметік қамту министрлігінің дерегіне сай, 68 мың адам ұлттық жобалар аясында жұмысқа тұрған. Олар негізінен құрылыс, ауыл шаруашылығы, білім беру саласында қызмет етеді. 200 мыңнан астамы субсидияланатын жұмыс орындарына орналастырылған.
- Еңбек министрлігі апта сайын салаға мониторинг жүргізеді. Бүгінгі еңбек нарығына шолу жасап көрейік.
Әрбір бесінші тұрғын сауда саласында еңбек етеді
2023 жылы жарты миллионға жуық қазақстандық зейнетақы жарнасы төленетін тұрақты жұмыс орнында ресми тіркеліп, ең көбі бір ай ғана жұмыс істеген. Орта есеппен азаматтар жылдың үштен бір бөлігінде жұмыссыздар қатарында болады. Ұлттық статистика бюросы келтірген деректер осындай. DataHUB_KZ аналитикалық порталының ақпаратына сүйенсек, бұл деректер стандартты емес әдіс бойынша жиналған. Бұл жолы бюро міндетті зейнетақы жарналары негізінде жұмысшылардың белсенділігі туралы мәліметтерді қарастырған. Ресми қызметкерлер үшін міндетті зейнетақы жарналарын ұйымдардың және жеке кәсіпкерлердің барлық түрлері төлейді. Сондықтан мұндай мәліметтер іріктеп бақылау нәтижелерінен әлдеқайда кең.
Сонымен сандарға келсек, 2023 жылы 474 мың адамда міндетті зейнетақы жарнасы бір рет қана аударылған. Бұл жалпы жұмысшылар санының шамамен 7%-ын құрайды. Соның ішінде әрбір бесінші қазақстандық сауда немесе авто жөндеу саласында жұмыс істеген. Олардың әрбір үшіншісі Алматыда немесе Астанада ресімделген. Олардың орташа жасы 39-да.
2023 жылы 474 мың адамда МЗЖ бір рет қана аударылған
бұл жұмысшылардың жалпы санының шамамен 7%
әрбір бесінші адам сауда/авто жөндеу саласында жұмыс істеген
олардың әрбір үшіншісі Алматыда немесе Астанада ресімделген
ҚР СЖРА ҰСБ
Спабек Садықов, ҚР ЕХӘҚМ Халықты жұмыспен қамту департаментінің бас сарапшысы:
- Елімізде осы 2024 жылдың үшінші тоқсаны бойынша 9,2 млн астам адам экономиканың әртүрлі салаларында жұмыс жасайды екен. Оның ішіндегі 7 млн астамы жалмадамалы жұмыскерлер болып табылады да, 2,2 млн өзін өзі жұмыспен қамтығандар болып табылады. Үшінші тоқсаны бойынша осы жылдың жұмыссыздық деңгейі 4,6% құрайды немесе 450 мыңға жуық адам.
Enbek порталында жаңа қызмет пайда болды
Енді қазақстандықтар қазіргі немесе бұрынғы жұмыс берушілері туралы пікір жазып, бес жұлдызбен бағалай алады. Ал компаниялар – өз қызметкерлері, соның ішінде бұрынғы жұмысшылары туралы пікір қалдыруға мүмкіндігі бар. HR Enbek порталында қызметкерлер мен жұмыс берушілерге арналған жаңа қызмет пайда болды. Барлық пікірлер электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы бекітіледі. Бұл олардың шынайылығын растау үшін жасалған. Қазіргі уақытта жұмыс берушілер үміткерлерді іріктеу кезінде олардың бұрынғы жұмыс орындарымен байланысқа шығып, ақпарат ала алады. Бұл ретте кандидатқа 1414 нөмірінен SMS арқылы немесе порталдағы жеке кабинетке, сондай-ақ HR Enbek мобильдік қосымшасында келісуге сұрау салу жіберіледі. Жұмыс беруші ақпаратқа келісім алғаннан кейін ғана қол жеткізеді. Ал Жұмыс берушілер туралы пікірлер Электрондық еңбек биржасы порталында 2025 жылы қолжетімді болады. Жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Спабек Садықов, ҚР ЕХӘҚМ Халықты жұмыспен қамту департаментінің бас сарапшысы:
- Жұмыс іздеп жүрген адамдарға қосымша бір ақпарат ретінде жұмыскерлер үшін жазылған пікірлерді оқи отырып,болашақ баратын жері, жұмысқа орналасатын жері туралы қосымша ақпараттарды біле алады. бес жұлдызды бағалаумен есептелінеді сонынмен қатар бес жұлдызды бағалау емес, онда да мәтіндік жазу арқылы өз пікірлерін қалдыра алады.
Халықтың қаржылық сауаты артты
ЗКТ-4: Өзге ақпараттарға ойыссақ. Қазақстанда халықтың қаржылық сауаттылығы артып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына деген сенім өскен. "Стратегиялық зерттеулер орталығы" жүргізген тәуелсіз әлеуметтік зерттеудің нәтижелері осыны растайды. Сауалнамаға барлық облыстардан және республикалық маңызы бар 3 қаладан 3000 респондент қатысты. Оның ішінде әртүрлі әлеуметтік топтардың өкілдері бар. Мәселен, сауалнамаға қатысқандардың 73 пайызы базалық деңгейде қаржылық сауатты және зейнетақы төлемдерінің түрлерін біледі. Халықтың көшілігі "зейнетақы қорының мобильді қосымшасы мен басқа да порталдар арқылы қажет ақпаратты ала аламыз деп жауап берген. Респонденттердің жартысынан көбі қор ұсынған мүмкіндіктерді пайдалана алады. Яғни шотта жиғанын үй жағдайын жақсатруға немесе ем алуға жұмсауға болатыны жайлы хабардар. Бірыңғай жинақтсаушы зейнетақы қорына деген сенім де артып, 6 ұпайды құрады, өткен жылы 5 ұпай болған.
Халықтың қаржылық сауаттылық деңгейі
73,8% негізгі білімі бар
59,93% зейнетақы төлемдерінің барлық түрлері туралы біледі
98,2% зейнетақы жинақтарын тексеру тәсілдері туралы біледі
БЖЗҚ-ға деген сенім 6 ұпайды құрады, өткен жылы 5 болған