Қазақстан мен Қырғызстанның үкіметаралық кеңесінде қандай мәселе талқыланды?
Қазақстан – Қырғызстан үкіметаралық кеңесінің қорытындысы аясында қол жеткізілген уағдаластықтар жақын арада сауда айналымын ұлғайтуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды 24kz.
Бұл жайында еліміздің Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәлімдеді. Қазірдің өзінде екіжақты айналымда оң динамика сақталуда және алдағы уақытта сыртқы экономикалық байланыстарды нығайтуға ықпал ететін болады.
Арман Шаққалиев, ҚР сауда және интеграция министрі:
- XII үкіметаралық кеңес отырысының қорытындысы бойынша екі мемлекет басшыларының сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету және тауар айналымын 3 млрд АҚШ долларына жеткізу жөніндегі алға қойған мақсаттарын іске асыру мәселелері қаралды. Айта кетерлігі, талқыланған және қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар берілген мәселелер өткізу пункттерін жаңғырту және кеңейту, су-энергетикалық өзара іс-қимыл, сауда-экономикалық ынтымақтастық, логистикалық және тарату орталықтарын салу мәселелері қаралды. Бұл іс-шаралардың барлығы таза практикалық сипатқа ие.