Жергілікті бюджеттердің кірісі ұлғайды

Елде жергілікті бюджеттердің кірісі 7,2 трлн теңге болды, деп хабарлайды 24kz.

Жоспар 1,5 трлн теңгеге артық орындалған. Үкімет отырысында жылдың 11 айын қорытындылаған Қаржы вице-министрі осылай деді. Ержан Біржановтың айтуынша, мемлекеттік сатып алу үрдісі бюджеттік жоспарды орындаудың маңызды компоненті болды. Ал жергілікті бюджеттердің шығысы 13 трлн теңге шамасында. Оның тең жартысы әлеуметтік салаға жұмсалса, одан кейінгі сатыда тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, көлік және коммуникация, ауыл шаруашылығы салалары тұр.