Елорданың экономикалық табысы ₸1 трлн-нан асты
Биыл Елорданың экономикалық табысы алғаш рет 1 триллион теңгеден асты. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде мәлімдеді. Экономикалық өсімнің басты драйвері шағын және орта бизнес екені аталды. Ол Астана экономикасының 72%-не тең. Биыл шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 7,2%-ке өсіп, 47 мыңнан асқан.
Жеңіс Қасымбек, Астана қаласының әкімі:
- Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалады. Жалпы өңірлік өнім бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша 7%-ті құрады. Бұл 5,4 трлн теңге. Өндіріс секторының құрылымында өндіріс секторының үлесі 15,9 %-ке дейін өсті. Бұл өнеркәсіп және құрылыс салаларының белсенді дамуының арқасында болып отыр.