Маңғыстауда «ҚазМұнайГаз» компаниясының қолдауымен жаңартылған мектептер таныстырылды

Үкімет бастамасымен Маңғыстау облысында Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры «Отпан» жобасын жүзеге асыруда.

Жоба аясында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының қолдауымен жаңартылған мектептер таныстырылды. Түпқараған ауданының Таушық, Қарақия ауданындағы Жетібай және Жаңаөзен қаласындағы Рахат ауылдарының балалары үшін 50-ден астам оқу кабинеттері мен шеберханалар заманауи талаптарға сай жаңартылды. Ал мұғалімдер үздік тәжірибелерге қол жеткізді.

Тәжірибелі ұстаз Сергей Әбдіровтың қуанышында шек жоқ. Өйткені, өзі еңбек етіп жүрген Рахат ауылындағы білім ошағының материалдық базасы толықтай жаңғыртылды. 

Сергей Әбдіров, биология пәнінің мұғалімі:

- Біздің жұмыстарымыз едәуір жеңілдеп қалды. Бұрын барлығын қолдан жасап оны балаларға түсіндіреміз деп әлек болатын едік. Қазір барлығы микораппатардың барлығын алып келді. Не жасаймыз барлық заттар тұр, балдармен жасауға өте ыңғайлы.

Таушық ауылындағы мектептің таныстырылымына түлегі, қоғам қайраткері Ләззат Қиынов қатысты. 

Ләззат Қиынов, ардагер мұнайшы:

- Мұнайшылардың көмегі мына мектептің оқушыларына үлкен бір жақсы іс. Оқушылардың түсіну мәселесінің жоғарылауына, бағытты түсінуіне жағдайды білуіне көп көмек береді деп ойлаймын.

«ҚазМұнайГаз» жобаға белсенді қатысып, өңірдегі білім беру жүйесін дамытуға жан-жақты қолдау көрсетіп отыр. Нәтижесінде оқушылардың заманауи технологияларды меңгеріп, қосымша білім беру мүмкіндіктерін игеруіне жол ашылды. 

Бекзат Абайылданов, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары:

- Мектептердің ішіндегі кабинеттер бүкіл бүгінгі заманға сай жабдықтармен жабдықталып, лабораториялық зертханалар ашылып және де спортзалдардың жабдықталуын, құрал саймандармен, еңбек сабағы жақтарынан осы мектептердің  ішіндегі жаңа үйірмелердің ашылуына ықпал етудеміз. 

Екі жылға жоспарланған  бастама өңірдегі 50 тірек мектебін құру арқылы білім сапасын көтеруге бағытталып, 60 мыңдай шәкірт пен 7 мыңға жуық педагогті қамтиды.

Талғат Серікқалиұлы, Дмитрий Димитриев