Күнбағыс майының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтіледі

Қазіргі уақытта осыған ұқсас принцип бойынша күріш пен қарақұмық сатып алу мәселесі қарастырылуда.

Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді. 2024 жылы азық-түлік келісім-шарт корпорациясы шағын және орта фермерлік шаруашылықтарға қолдау көрсетуге және экспорт географиясын кеңейтуге күш салды. Шағын астық партияларын біріктіру жобасы аясында Қытай мен Орталық Азия елдеріне дәнді және майлы дақылдарды жеткізу бойынша жалпы сомасы 20 миллион АҚШ долларын құрайтын 6 экспорттық келісім-шарт жасалды. Ұзақ уақыттан бері алғаш рет Қазақстанның жеке компанияларымен қатар Иранға арпа жеткізуді жолға қойып, 30 мың тоннаға экспорттық келісімге отырды. Корпорация биыл да экспорт географиясын кеңейту бойынша жұмысын күшейтеді.