О. Бектенов шаруаларға қаржы бөлу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды
Олжас Бектенов шаруаларға көктемгі дала жұмыстарына қаржы бөлуді жеделдетуді тапсырды.
Қаржыландыруды ерте қолға алу диқандарға егіс науқанын уақтылы бастап, құрал-жабдық, тыңайтқыштарын алдын ала сатып алуға мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров қаржыландыру былтыр басталып, бөлінетін 100 млрд теңгенің 70 млрд теңгесі игерілгенін жеткізді. Айта кетейік, 2025 жылғы көктемгі егін және күзгі жиын-терім жұмыстарына «Кең дала-2» бағдарламасы бойынша 700 млрд теңге жұмсалады. Оның ішінде 140 млрд теңгесі бюджет қаражаты, 560 млрд теңгесі нарық қаражаты есебінен бағытталмақ. Сондай-ақ, шаруаларға 5%-дық мөлшелемемен несие беріледі, оны келер жылдың 1 наурызына дейін өтеуге болады.