Семейде суға кеткен көлік шығарылды

Семейде Ертіске батып кеткен көлік жағаға шығарылды, деп хабарлайды 24KZ. Алайда екі адамды іздестіру жұмысы әлі жалғасып жатыр. Бұл іске төтенше жағдайлар қызметінің 100-ден аса маманы жұмылған. Іздестіру-құтқару жұмыстары тәулік бойына жалғасты. Төтеншеліктерге қосымша көмек ретінде Қасым Қайсенов атындағы әскери бөлім қызметкерлері де келді.

Айта кетсек, кеше таңертең Семейде жеңіл автокөлік бетон қоршаумен соқтығысып, өзенге құлап кеткен. Апат кезінде темір тұлпар ішінде 4 жолаушы болған. Бір адам жағаға өзі жүзіп шығып аман қалса, тағы біреуінің денесі кейін табылды. 

Азамат Орымбаев, Абай облысы ТЖД бастығының орынбасары:

- Әскери бөлім 608 303 инженерлік-техникасы көмегімен автокөлік өзеннен шығарылды. Ішінде адам табылған жоқ. Іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Қосымша таңғы 7-ден бастап машина құлаған жерден төмен қарай өзен бойымен 100-ден астам құтқарушы, ПД қызметкері және еріктілер көмектесіп жүр.