Masdar Қазақстанға $1,4 млрд инвестиция салады
Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясының құрылысына 1,4 млрд доллар инвестиция салынады.
Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысымен Masdar БАӘ мемлекеттік энергетикалық компаниясы басшысының кездесуінде айтылды. Осылайша, Қазақстан мен Masdar компаниясы арасындағы серіктестік жаңа әрі сапалы деңгейге көтерілмек. Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Adnoc пен Abu Dhabi Ports Group компанияларының өкілдерін және IT саласының мамандарын қабылдады.
Маздар баламалы қуат көздерінен энергия алу саласында әлемдегі жетекші компания. Жер жаһандағы 40 қа жуық мемлекетте күн, жел электр станцияларын салған. Келесі жылы Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясының құрылысын бастайды. Аталған станциясы 300 000 үйді энергиямен қамтамасыз етеді деген жоспар бар. Masdar компаниясының бас атқарушы директоры Мұхаммед Әл-Рамахи жел турбиналарының өндірісіне қазақстандық өнімдерді қолдануға қызығушылық танытып отырғанын айтты. Қос тарап Masdar компаниясының Қазақстандағы қызмет аясын кеңейте отырып, жаңартылатын энергетика және цифрландыру салаларындағы маңызды жобаларды іске асыру жөнінде пікір алмасты.
Нұрлан Жақыпов, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы:
- Masdar – Таяу шығыстағы ең ірі жаңартылған энергия көздері компанияларының бірі. Олар дың инвест портфелі 27 Гвт құрайды. Олармен біз Жамбыл облысында қуаты 1 гвт жел электр станциясын саламыз. Бұл жобаның инвест көлемі 1,4 млн доллар. Бұл жобаны біз 2028 жылы іске қосуды жоспарлап отырмыз.
Досжан Ысқақ, тілші:
- Мемлекет басшысы Маздар компаниясының басшысымен Abu Dhabi ұлттық мұнай компаниясысының қайта өңдеу және өткізу жөніндегі бас атқарушы директоры Халид Салминді қатар қабылдады. Басқосу барысында Adnoc компаниясының өкілі екі елдің ұлттық мұнай-газ компаниялары арасындағы өзара ықпалдастықтың перспективаларына тоқталды. Кездесуде мұнай-газбен қатар геологиялық барлау ісіндегі бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Abu Dhabi Ports Қазақстанмен әріптестікті арттырады
Біріккен Араб Әмірліктері біздегі көлік-логистика садасына да ерекше қызығушылық танытып отыр. Мемлекет басшысымен кездескен Abu Dhabi Ports Group-тың бас директоры Мұхаммед Әл-Шамиси бұл саладағы ынтымақтастықты ары қарай да дамытуға ынталы екенін жеткізіп, Қасым-Жомарт Тоқаевқа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысында қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді. Ал Мемлекет басшысы көлік инфрақұрылымы мен тасымал дәліздерін дамыту еліміздің орнықты экономикалық өсімін қамтамасыз етуде және халықаралық сауданы жандандыруда ерекше рөл атқаратынын атап өтті.
Нұрлан Жақыпов, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы:
- Үшінші кездесу Abu Dhabi Ports Group басшылығымен. Әлемдегі ең ірі тасымалдау, логистикалық комапниялардың бірі. Одан басқа екінші бағыт ҚТЖ мен «Солтүсті-Оңтүстік» бағыты бойынша жобаларды жүзеге асырып жатырмыз. Яғни, жүк тасымалдау потенциялын арттырып жатырмыз.
Абу-Дабиге сапары барысында сапары барысында Мемлекет басшысы IT саласының сарапшылармен жасанды интеллектті дамыту мәселесін талқылады. ЖИ қазіргі замандағы прогрестің ең басты қозғаушы күштерінің бірі саналатынын әрі экономиканы түбегейлі өзгерте алатынын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Қазақстанда жасанды интеллектті ілгерілетуге берік негіз қалау үшін маңызды қадамдар жасалып жатыр. Институционалдық орта қалыптастыруға, инфрақұрылым мен адам капиталын дамытуға баса мән беріліп отыр. Институционалдық құрылым аясында жасанды интеллект жөніндегі халықаралық консультативтік кеңес құрылады. Оған өзім жетекшілік жасаймын. Бұл кеңес әлемдік деңгейдегі сарапшылармен диалог жүргізіп, пікір алмасатын стратегиялық алаңға айналады.
Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ЖИ саласына жоғары санатты маман даярлау және қолдау ісіне айрықша басымдық беріп отырғанына тоқталды. Президенттің айтуынша, ЖИ-дің қолданысқа табысты енуі осындай технологияларды әзірлейтін және пайдаланатын кадрлардың біліктілігі мен тәжірибесіне тікелей байланысты.