Экономист: Ипотекасы барларға салықтық жеңілдік жасалады
Биылдан бастап екінші деңгейлі банктер тұрғын үй сатып алу бағдарламасы бойынша ипотека төлейтіндерге жеке табыс салығын төмендетпек, деп хабарлайды 24kz.
Осыған дейін бұл мүмкіндік тек «Отбасы банкі» салымшыларына қолжетімді еді. Жеке табыс салығы бойынша жеңілдікті рәсімдеу үшін есеп бөліміне өтініш жазып, сыйақы төлемдерінің түбіртегін көрсету керек. Оған қоса, ипотекалық қарызды алу және қызмет көрсету туралы құжаттарды, қарызды өтеу кестесін, ипотека туралы келісімшартты ұсыну қажет. Жеңілдік сомасы жылына 118 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспауы тиіс. «Егер жоғарыда аталған салықтық жеңілдіктер қолданылар болса, бұл қайтарылатын жалпы сома көлемін айтарлықтай арттырады», - дейді сарапшылар.
Ләззат Жанмолда, экономист:
- 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асады деді. Бірақ әлі заңдылық тұрғысында толығымен өз күшіне енген жоқ. Және биылғы жаңа заң бойынша оның үстіне көпбалалы отбасыларға ипотекасы барлар басқа екінші деңгейлі банктерден де жеңілдіктер болады. Яғни, сол банкке төленетін сыйақы мөлшерінен ұсталынады. Оны айма-ай төлеп отырған төлемдерінен жұмыс беруші ипотека алған банкке апарып көрсетіп, сол арқылы жеңілдіктерді алу мақсатта.