Онлайн дүкендердің жұмысына шағым көп
Электронды сауда жаһандық экономиканың маңызды бөлігіне айналып отыр.
Мәселен, былтыр әлем бойынша 3 млрд-қа жуық адам тауарды онлайн сатып алған. Бұл орайда сауда көлемі 6,3 трлн АҚШ долларынан асты.
Әрине кейінгі жылдары онлайн сауда Қазақстанда да қарқынмен дамып келеді. Мысалы 2020 жылы сауда айналымы 500 млрд теңгеге жуықтаса, былтырғы жылдың қорытындысында бұл көрсеткіш 6 есе өскенін көреміз.
Шетелдік маркетплейстерді тіркеу қажет
Шағым көбейген соң Сауда және интеграция министрлігі шетелдік онлайн-дүкендердің қызметін қайта қарамақ. Енді шетелдік маркетплейстерді тіркейтін платформа іске қосылады. Мұнда тауарлардың қауіпсіздігі, контрафактіге қарсы күрес тетіктері енгізіледі. Сондай-ақ салықтық және кедендік міндеттер бойынша шарттар қарастырылған.
Жалпы елдегі онлайн-компаниялардың үлесі барлық сауда кәсіпорындарының 12 пайызын құрайды. Бірақ бұлардан түскен салық қомақты. Мәселен, бөлшек саудадағы 505 мың офлайн компания 3 жылда 240 млрд теңге салық төлеген. Ал онлайн саудадағы 73 мың компанияның төлеген салығы – 360 млрд теңге. Бұған бөлек отандық маркетплейстерден 135 млрд теңге салық түскен. Сарапшының айтуынша, шетелдік маркетплейстерді елде тіркесе, салық сомасы ұлғая түсер еді.
онлайн-компаниялар
Сауда секторындағы үлесі – 12,6%
505 мың офлайн-компания – ₸240 млрд
73 мың онлайн-компания – ₸360 млрд
Маркетплейс – ₸135,2 млрд
Тұрсын Жағыпарова, “Әділет” тұтынушылар құқығын қорғау қоғамы төрағасының орынбасары:
- Сол саудадан елімізге пайда келтіру керек. Қараңызшы цифрды, 2023 жылы, по моему да, 2,2 трлн оборот жүрген ақша, триллион. Саудада, интернет саудада. Сонда оны төлеп жатқан тек қана біздің елде тіркелген маркетплейстер.
Отандық маркетплейстерге қолдау керек
Сала мамандары шетелдік алаңдардан сатып алынатын тауарларды сертификаттау қажет дейді. Бұл өнімнің сапасын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар шетелден келетін тауарларға баж салығын енгізу керек. Осылайша отандық бизнес шетелдік компаниялармен бәсекелесуге мүмкіндік алады.
ЦИТАТА
Шағын және орта бизнес үшін тауарларды әкелуді оңайлату қажет. Бұл орайда жалпы мөлшерлемені 15-22 пайызға дейін төмендету керек. Кедендік рәсімдерді де жеңілдеткен маңызды. Сертификаттау процесін толық цифрландыруды және кедендік құжат айналымын жеңілдетуді, тауарларды ресімдеу мерзімдерін қысқартуды ұсынамыз. Сонымен қатар жергілікті маркетплейстерді кедендік жүйелермен біріктірсек, сауда процесін жеделдетуге және тауар құнын арзандатуға мүмкіндік аламыз.
Денис Степанцев, “Цифрлық Қазақстан” қауымдастығы кеңесінің төрағасы:
Спикердің айтуынша, бұл шаралар салық түсімін 2 есе ұлғайтады. Яғни биыл 626 млрд теңгеге дейін жетуге тиіс. Сондай-ақ төрт жыл ішінде жаңадан 500 мың жұмыс орнын ашуға сеп болады.