Елімізде 24 мыңға жуық Ресей компаниясы жұмыс істейді
Ресей – Қазақстан үшін инвестициялар ағыны бойынша негізгі бағыт саналады. Былтырғы 9 айда көрші елден қазынаға құйылған қаржы көлемі 2,8 млрд АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды 24kz.
Ресейлік бизнес Қазақстан нарығынан ақша салып қана қоймай, экономикаға да оң әсерін беріп отыр. Қазіргі таңда ел аумағында 24 мыңға жуық ресейлік компания ісін ілгерлетіп отыр. Оның 4 мыңы өткен жылы ашылған. Жемісті жұмыс қос ел ынтымақтастығының жоғары серпінін дәлелдейді. Ресейден тартылатын негізгі инвестиция көзі – тау-кен өндіру, энергетика, құрылыс және көлік-логистика салаларына тиесілі.