Алматы облысында шаруалар субсидия ала алмай жүр

Алматы облысының шаруалары әлі күнге дейін өткен жылдың субсидиясын ала алмай жүр.

Өңірде 31 мыңнан астам шаруа қожалығы болса, қаржы тапшылығы салдарынан 750 фермерге субсидия төленбеген. Ауыл шаруашылығы басқармасының көмекқаржы бойынша қарызы 27,6 млрд теңгеге жетті. «Бүгінде соның 5 млрд теңгесі өтелді. Қалған бөлігі наурыз айына дейін төленеді. Ауыл шаруашылығы басқармасының мамандарының айтуынша "фермерлер көбіне құжатты дұрыс толтырмайды. Ол өз кезегінде қаржыны уақытылы аударуға кедергі келтіреді» екен. Еңбекшіқазақ ауданындағы шаруа қожалығының басшысы Бақтияр Мұсабеков былтыр 12 миллион теңгеге құдық қаздырған. Соның 50 пайызын мемлекет өтеп беруі тиіс еді. Бірақ шаруа әлі күнге дейін өзіне тиесілі көмекқаржыны алмаған.

Бақтияр Мұсабеков, шаруа қожалығының басшысы:

- Төрт ай өтті, субсидия ала алмай жүрмін. Келсек «бюджетте ақша жоқ, әне төленеді, міне төленеді, декабрь айында төленеді», - деді. Әлі төленбей жатыр. Құдық қаздырмасаң мал сусыз қалады. Құдық қаздырсаң басқасы болып жатыр. Қазір енді биыл қыста ақшамызды ала алмай, мал шөпсіз қалып жатыр.

Ерзат Ахметов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы:

- Ақпан, наурыз айларында толық 27 млрд қарызды, 2024 жылдан өткен қарызды төлеп боламыз. Қазған құдығы бойынша бізден субсидия алуға жаңа шаруалар келген. Олардың мәртебесі бүгінгі күнде резервте тұр. Резервте тұрған 2024-тің қарыздары, міне осы қаңтар ақпан айларында ол кісілердің қарыздары төленіп беріледі.