Өскеменде отқа төзімді пластикалық құбыр шығаратын зауыт ашылды
Коммуналдық салаға қажетті отандық өнімнің алғашқы легі Астанаға жіберілді.
Құбырдың ішінен жоғары қуатты кабель өткізуге болады. Яғни елді мекендерге электр желісін тарту кезінде кеңінен қолданылады. Сонымен қатар су және жылу желісіне де пайдалануға ыңғайлы, дейді мамандар. Материал импортпен салыстырғанда арзан. Кәсіпорын толықтай автоматты жүйеде жұмыс істейді. 25 адам еңбек ететін мекеме басшылығы болашақта мемлекеттік субсидия қолдауымен өндіріс көлемін ұлғайтуды көздейді.
Виталий Мельников, зауыт директоры:
- Біз өндіретін құбырлардың бағасы біршама арзан. Өйткені ол шетелдік өнім емес, тасымалдау жеңіл. Әрине алдағы уақытта мемлекетік қолдауға ие болсақ өнім көлемін бұдан да арттыруға болады.