Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы бақылауда
Бағаның маусымдық өсуін тежеу мақсатында дер кезінде тиісті шаралар қабылданды. Соның нәтижесінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы тұрақтандырылды.
Өткен айда картоп бағасы елде күрт қымбаттағанын білеміз. Ең қымбат картоп Астанада болды. Бағасы 400 теңгеден асып жығылды. Жоғарыда айтылғандай, қолдан қымбатшылық жасаған 103 кәсіпкер жауапкершілікке тартылыпты. Жалпы қымбатшылықты болдырмау мақсатында қабылданған жедел шаралар қандай нәтиже берді? Дүкен сөрелеріндегі баға қандай қазір?
Бағаның күрт өсуі тіркелген бойда Ауыл шаруашалығы, Сауда министрліктері тарапынан өз құзыреттілігі аясында тиісті шаралар қабылданды. Бұл жерде нақтылап өтейік, бұл шаралар әлеуметтік маңызы бар тізімге енген өнімдерге ғана қолданылады. Оның ішінде халық күнделікті қолданатын картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат сияқты көкөністер бар.
Өздеріңіз көріп тұрғандай, мұнда картоп бағасы 185 теңге, сәбіз 115 теңге, пияз 138 және қырыққабат 184 теңгеден сатылып жатыр. Демек баға біршама түскенін айтуға болады.
Көкөніс бағасының тұрақты болуы үшін әр өңірлерде тұрақтандыру қорлары барын білеміз. Қазір қыс аяқталуға жақын, сол қорларда қанша өнім сақтаулы қалды? Көктем кезінде тапшылық туындамай ма?
Ауыл шаруашылығы министрлігі Тұрақтандыру қорларында жеткілікті мөлшерде көкөніс қоры сақталған деген мәлімет берді. «Бұл көлем оңтүстік өңірлерден көктем кезінде ерте пісетін өнім келіп жеткенше дейін ішкі нарықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – дейді.
Тұрақтандыру қорларындағы көкөніс қоры
Картоп – 57,9 мың теңге
Сәбіз – 19,6 мың теңге
Пияз – 19,7 мың теңге
Қырыққабат – 17,5 мың теңге
Бірақ бағаны қолдан қымбаттатып отырған кәсіпкерлерге қандай шаралар қолданылып жатыр? Әлеуметтік тауарларға сауда үстемесін 15%-тен асыруға болмайтыны белгілі. Осы заңды бұзған азаматтарға қандай шаралар қолданылып жатыр?
Әлеуметтік санаттағы өнімдерге бағаны қымбаттатқан кәсіпкерлерді анықтау үшін барлық өңірлерде комисссиялар құрылып, олар 103 кәсіпкерді жауапқа тартқан болатын. Осы жылдың 1 сәуірінен бастап Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген өзгерістер өз күшіне енеді. Ол бойынша әлеуметтік санаттағы өнімдерге бағаны қымбаттатқан кәсіпкерлерге айыппұлдар жоғарылап отыр. Атап айтсақ:
Айыппұл мөлшері
Шағын бизнес — 5 АЕК (₸19 660)
Орта бизнес — 35 АЕК (₸137 620)
Ірі бизнес — 150 АЕК (₸589 800)
Қазір отандық картопты экспортқа шығаруға шектеу қойылды. Бұл шектеу шаралары қанша уақытқа сақталады?
Қазақстандық картопты сатып алатын елдер – ол Ресей мен Өзбекстан. Бұл елдер өзін-өзі картоппен толық қамти алмағандықтан, импортқа тәуелді. Ал шектеуге келер болсақ, Қазақстан картобы мүлдем экспортқа шығарылмайды деген сөз емес. Яғни біздің өндірушілер Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін елдерге картопты емін-еркін сатады, шектеу тек үшінші елдерге қатысты және бұл шара 6 айға енгізіліп отыр. Сауда комитетінің бізге берген мәліметі бойынша егер баға тұрақталса, бұл шектеу мерзімінен ерте алынуы мүмкін.
Нұралы Қажымұрат, ҚР АШМ ішкі сауда басқармасының бас сарапшысы:
- Ішкі нарықта картоп бағасын тұрақтандыру мақсатында 2025 жылғы 18 қаңтарда өткен сауда қызметі бойынша ведомствоаралық комиссияның отырсында картопты үшінші елдерге сатуды шектеу туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ маусымаралық кезеңде картоп бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында тұрақтандыру қорларында 85,4 мың тонна картоп қалыптастырылған болатын.