Шымкентте жемқорлыққа жол берген ҚТЖ қызметкерлері сотталды

«ҚТЖ-жүк тасымалы» мекемесінің Шымкент қалалық филиалының бұрынғы басшысы мен оның қарамағында істеген бірнеше қызметкерге сот жаза кесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сотталғандар 1 млн-нан бастап 13 млн теңгеге дейін айыппұл төлеуге тиіс. Сондай-ақ өмір бойы мемлекеттік қызметтерде жұмыс істей алмайды. Тергеу барысында олардың адамды жұмысқа тұрғызу үшін жүйелі түрде пара алып отырған.

Дәурен Ерғарин, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы:

- Кадр жұмысы бойынша схемалар тараған болатын көптеген. Ол деген өзінің туыстары арқылы өзінің жақын, сенім адамдары арқылы жұмысқа адамдарды тағайындап, сол үшін пара алып отырған. Сол схеманы жоюға бағытталған іс-шарларды біз бірігіп, жұмыс жасап, атқарып жатырмыз.