Қызылордалық тұрғындар өрттен қорғану тәсілдерін үйренді

Ал Қызылордалық құтқарушылар тұрғындарға тілсіз жау тұтанған кезде дереу қимылдау амалдарын үйретіп жатыр.

Оқу-жаттығу барысында қос тұрғын үй кешенінен шыққан өртті сөндіруге 11 техника мен 60 шақты маман жұмылдырылды. Бұрынғыдай  қуыршақ емес шынайы сол үйдің тұрғындары автокранмен төменге түсірілді. Құтқарушылар эвакуация мен толық алауды өшіруге жарты сағат жұмсады. Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде 328 өрт оқиғасы тіркелсе соның жартысы тұрғын үй кешендерінде болған. Ғимараттарға тексеріс жүргізген төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері мыңнан астам заңбұзушылықты әшкереледі. Оның ішінде жылыту қазандықтары жапсарлас орналасқан 12 білім беру нысаны есепке алынды. Енді оқу-жаттығуы мектептерде өткізіледі. 

Жандос Қаюпов, өрт сөндіруші:

- Бекітілген тапсырмалардың барлығы өз деңгейінде орындалды. Мұндай өрт тактикалық жаттығуы бізде ай сайын өткізіледі және біздің қызметтік тұрғыдағы шеберлігімізді арттыруға үлкен көмек көрсетеді. Өрт сөндірушілер қызметтік дайындығын шыңдай отырып, тыныс алуға жарамсыз ортада жұмыс істеу шеберліктерін арттырып отырамыз.

Нұрсұлтан Ибрагимов, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

- Қазіргі таңда тұрғындардың өзін кәдімгі іс жүзінде эвакуация жасап, оларды түгендеп, қанша бала, қанша қарт барлығын. Содан кейін күш құралдарының жауынгерлік киім-кешегі, құрал-саймандарымен танысу жұмыстары жүргізіліп жатыр.