Алматы маңында 2 бірдей селден қорғайтын бөгет салынып жатыр
Ал Алматы маңында 2 бірдей селден қорғайтын бөгет салынып жатыр.
Ақсай шатқалындағы гидротехникалық құрылыс сәуір айында. Үлкен Алматы өзенінде салынып жатқан бөгет осы жылдың соңында аяқталады. Бұл туралы «Казселденқорғау» мекемесінің басшысы Қайрат Бекенов мәлімдеді. Қазір онда құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр. Сондай-ақ, қалалық төтенше жағдайлар департаменті табиғи апат кезінде жұмыс істейтін азаматтық қорғаныс тобын құрып, жабдықтап қойды.
Салынып жатқан қос бірдей бөгет Алматының оңтүстік-батыс жағын сел мен су тасқынынан қорғауға және оның алдын алуға арналған. Бүгін Төтенше жағдайлар департаменті мен «Казселденқорғау» мекемесінің мамандары Іле Алатауының бөктерінде салынып жатқан жаңа гидротехникалық нысандарды аралап көрді. Үлкен Алматы өзені мен Ақсай шатқалындағы бөгеттердің құрылысы осыдан екі жыл бұрын басталған. Аумағы жағынан үлкені Ақсайдағысы. Оның биіктігі 75 метр, ұзындығы 260-метрден асады.
Қайрат Бекенов, «ҚАЗСЕЛДЕНҚОРҒАУ» ММ басшысы:
- Плотинаның астында 30 мыңға жуық халық тұрады. Сонымен қоса демалыс күндері 5 мың халық келіп тұрады. Ең негізгісі осы құрылысты сапалы және уақытысында тапсыру керек. Бүгінгі таңда бұл құрылысқа 23 млрд теңге бөлініп жатыр. Биылғы жылы 7 млрд қарастырылған және кесте бойынша осы жылдың аяғына дейін желтоқсан айында толығымен бітіру керек.
Аюсай бөгеті Ақсайдан әлдеқайда төмен орналасқан. Оның биіктігі 40 метрден сәл ғана асады. Бірақ ұзындығы 330 метр. Себебі Үлкен Алматы шатқалының аумағы кеңірек. Нысанның жалпы құны 10 млрд теңге. Құрылысы сәуір айында аяқталады. Алматы қаласының азаматтық қорғау қызметтері қазірден сел маусымына қызу дайындық жүргізіп жатыр. Мәселен, Алматы маңындағы тауларда 50 мореналық көл бар. Оның 12-сі қауіпті саналады. Биыл оның жетеуінің деңгейін төмендету бойынша жұмыс атқарылады. Сондай-ақ, автоматтандырылған мониторинг жүйесі іске қосылды. 31 станция істейді. Оның 8-і тікелей осындай көлдерде орнатылған.
Ерлан Әлібеков, қалалық ТЖД басшысының міндетін атқарушы:
- Алматы қаласында былтырғы жылы 102 су қупі бар учаскелерді есепке алынған болатын. Былтырғы жылы 72 толығымен жойылды. Биыл 46-на жылдың аяғына дейін жұмыстар жүргізілетін болады. Су қаупі бар кезде жою үшін арнайы группировканы дайындадық. 1600 адам, 618 техника, 85 мотопомка, 85 электр станция дайындап қойдық.
Сонымен қатар, биыл «Қазселденқорғау» мекемесінің базасы 30 жаңа техникамен толықты. Оның қатарында бірнеше арнайы техника бар. Оған қоса, тауда қауіпті аймақта жұмыс істейтін мамандардың еңбекақысын көтеруге қатысты шаралар қабылданып жатыр.