Алматыда «Медеу» паркінің басшылығына қатысты іс қозғалды
Алматыда «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғат паркінің лауазымды тұлғаларына байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Оларға мемлекеттік сатып алулар бойынша атқарылған жұмыс актісіне қол қойғаны үшін кәсіпкерден пара алды деген айып тағылып отыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қалалық департаменті хабарлады. «Қылмыстық іске қатысты басқа мән-жайлар жариялануға жатпайды»,-дейді департамент өкілдері. «Медеу» паркі 2001 жылы құрылған. Оған Шымбұлақ, Бутаковка және Медеу шатқалдары кіреді.