Алматыда жемқорлық жасаған экология саласының қызметкерлері ұсталды
Алматыда жүйелі түрде жемқорлық жасаған экология саласының лауазымды қызметкерлері ұсталды.
Қалалық Экология және қоршаған орта басқармасы басшысы орынбасарының заңсыз әрекетін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әшкереледі. Ол втокөліктерге экологиялық мониторинг жүргізуге қатысты құжаттарға қол қою үшін кәсіпкерлерден 12 млн теңге пара алған. Сондай-ақ, «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғи парк» басшысы қолға түсті. Оның ағаштарды санитарлық бұтау, кесу бойынша орындалған жұмыс актілеріне қол қойғаны үшін 1,5 млн теңге алғаны белгілі болды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.