Нұржан Жетпісбаев: 100 мыңға жуық жастарды жұмысқа орналастыруды көздеп отырмыз
Биыл 100 мыңға жуық жұмыссыз жас екі қолға бір күрек табады. Ол үшін "Жастар Рухы" ұйымының өкілдері табанды жұмыс істеп жатыр деп хабарланды.
Ілкімді жобаларды қолға алып жүрген жастар ұйымы бүгін есеп берді. Онда былтыр атқарылған әлеуметтік жобалар нәтижесі талқыланды. Атап айтқанда, студенттерді жатақханамен қамту, "Қайсар" жобасы арқылы әскери дайындықтан өту іске асыру. Жастар қанатының Төрағасы Нұржан Жетпісбаев жаңа жоба жайлы да айтты.
Нұржан Жетпісбаев, "AMANAT" партиясы жанындағы "Жастар Рухы" жастар қанатының төрағасы:
- 100 мың жас азаматты тау-кен өндірісін байыту бағытында және ірі компанияларда тағылымдама ұйымдастыру арқылы жұмысқа орналастыру көзделіп отыр. Нақты тетіктері бастауыш партия ұйымдары арқылы жергілікті жерлерде танысы жоқ, тамыры жоқ азаматтарды іріктеп алу арқылы жұмысқа орналастыруды көздеп отырмыз.