Қарағандыда коммуналды қызметтер онлайн режиміне көше бастады

Қарағанды тұрғындарына енді коммуналдық компаниялармен келісімшартқа отыру үшін кеңсеге сабылудың қажеті жоқ. Барлық қызмет түрлері онлайн режимінде жүзеге асады.

Өңірде қалалық қызмет орталығы құрылды. Әзірге «IQala» цифрлық жүйесіне үш мекеменің 26 қызмет түрі енгізілген. Жуырда мұнда шағын қалалардағы қызмет көрсететін компаниялар да қосылмақ. Сондай-ақ, келешекте бұл сайтта жылу, су, тоқ беретін орталықтардың өндірістік қуаты жайлы ақпараттарды да жариялау жоспарда бар, себебі, бизнес қауымдастықтың айтуынша, монополистер көп жағдайда бұл мәліметтерді жасырын ұстайды екен. Бірақ жұмыс нәтижелі болуы үшін қызмет көрсететін компаниялардың да барлығы жаппай цифрлық жүйеге көшуі керек, - дейді орталық мамандары.

Рүстем Байжанов, Цифрландыру басқармасының Басшысы:
- Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесіп игі жобаны жүзеге асырып отырмыз. Барлық қызмет түрлерін цифрлық жүйеге көшіру арқылы қылмыстың алдын аламыз. Тұрғындар қағазбастылықтан құтылады. Коммуналдық мекемелердің қызмет көрсету процесі жеңілдетіледі, енді ашық әрі айқын болады.