Қашаған кен орнында 2025 жылы жаңа газ өңдеу зауыты ашылады
2025-шы жылы жаңа газ өңдеу зауыты ашылады. Кәсіпорын Қашаған кен орнында салынады.
Қазіргі уақытта қуаты 1 млрд текше метр болатын зауыттың құрылыс-монтаждау жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жайында Үкімет басшысының төрағалығымен өткен кеңесте айтылды. Жиында мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесі де сөз болды. Осы мақсатта қуаты 4 млрд текше метр болатын тағы бір ірі газ зауытының құрылысы пысықталып жатыр. Жобаны екі кезең арқылы іске асыру көзделген. Әлихан Смайылов дайындық жұмыстарын жеделдетіп, жақын арада газ зауыты бойынша Жол картасына қол қою керек деді. Кеңесте сондай-ақ, газ транзиті мен импорты қаралды.