Жеңілдетілген автонесие беру сайты тексеріледі

Жеңілдетілген автонесие беру сайтын қауіпсіздік талаптарына сай екендігін тексеру басталды.

Цифрлық даму министрлігінің айтуынша, autonesie.kz порталына қатысты азаматтардан шағым көп түскен. Сәйкесінше, сайттың ақпараттық қауіпсіздікті сақтау талаптары заңға сай ма екендігін тексеру ісі басталған. Бұған дейін бұл ресурс ешбір сынақтан өтпегендігі жайлы айтылған болатын. Өнеркәсіпті дамыту қоры мемлекеттік техникалық қызмет тарапынан платформаны тексеру қажеттілігі жоқтығын айтқан еді.