Шымкенттік кәсіпкерлер құзырлы органға шағымданды
Шымкентте небәрі 1 айдың ішінде 500-ден астам кәсіпкердің құқығы қорғалды, деп хабарлайды «Хабар 24».
«Бизнеске жол» жобасы аясында біраз ел құзырлы органға жүгінген. Олар жер қатынастары мен мемлекеттік органдар беретін рұқсат құжатын рәсімдей алмаған. Сондай-ақ банктік есеп шоттары негізсіз бұғатталғанын айтып арызданған. Мәселен, міндетті салықтық төлемдерді өтемегені үшін есеп шотына шектеу қойылған. Тексерістен кейін банк картасын 2 айдан бері пайдалана алмай жүрген шағын кәсіп иесіне заңсыз шектеу қойылғаны белгілі болды. Ал мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары жауапкершілікке тартылды.
Жомарт Дүйсенов, заңгер-кеңесші:
- Салық кодексінде егер шағым түсіріп, хабарлама келтірген кезде банктік есеп шот ашылу керек. Соны салық органы ашпай қойды. Кері әсері жұмыс істей алмай қалдық. Өзінің қарызы бар еді оны төлей алмай қалды.
Жандос Жұмабаев, Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары:
- Олар біздің қойған сұрақтарымызға ішкі тексеру жұмыстарын жүргізіп, айтқанымыздай 4 қызметкерге қатаң сөгіс жарияланды. Ал 1 қызметкерге біздің өзіміздің құзырымызға кіргеннен кейін әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 173 бабының аясында жауапкершілікке тарттық. Бүгінде департамент тарапынан 550 ден астам жеке кәсіпкердің құқықтары қорғалды.