Елде зиянды әдеттерге әуес жасөспірім көбейді

Белгілі болғандай, әрбір 7-ші жасөспірім энергетикалық сусын мен электронды шылымға құмар, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Мектеп жасындағы балалардың денсаулыққа қатысты мінез-құлқы» ұлттық зерттеуінің нәтижесі осындай. Орталық 4 жылда бір қорытынды шығарып отырады. Былтырғы сауалнама нәтижесінде жасөспірімдердің физикалық белсенділігі төмендегені байқалған. Салдарынан артық салмақ жинау мәселесі пайда болды. Мамандар әрбір 6-шы жасөспірімнің психикасына диагностика жасау керектігін аңғарған. Зерттеуге қатысқан 11 мен 15 жас аралығындағы 7400 баланың 13%-і кем дегенде 1 рет киберқудалауға, ал 18%-і буллинге ұшыраған. 

Жанар Қалмақова, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы басқарма төрағасының м.а.:

- Бұл жерде заң жүзінде, әкімшілік жағынан да шектеу қою және ақпараттандыру жұмыстары да қажет. Ата-аналармен көптеп жұмыс істеу керек. Өйткені мектеп ұжымымен де. Балалардың денсаулығы тек білім беру ұйымдарына ғана емес, қоғам болып атсалысуымыз керек. Сонда ғана оның нәтижесі болады.