Сырдарияда сең ерте қозғалды
Сырдарияда мұз көбесі сөгіліп, сең ерте қозғалды.
Өзен бойымен жылжыған мұз көшкінінің Қызылорда қаласына жетуіне шамамен 80 шақырымдай қалды. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары бір аптаның көлемінде сең облыс орталығына жетеді деп отыр. Қазір арнайы құрылымдар күндіз-түні дария бойын торуылдап, бөгеттердің беріктігін тексеріп жүр.
Облыс мол суды қабылдауға дайын ба?
Қамбар Бекенов, тілші:
- Жергілікті билік пен төтенше жағдайға жауапты құрылымдар мол суды қабылдау үшін Шіркейлі мен Қызылжарма арналарын дайындап отырмыз дейді. Одан бөлек Жаңадария каналы мен көлдер жүйесіне де бағыттауға болады екен. Жалпы тасқынды болдырмау шаралары жөнінде облыс әкімінің орынбасарынан сұрап білсек. Серік Салауатұлы, дария тасымайды ма? Артық суды қайда жібереміз? Қауіпті тұстар бар ма?
Серік Қожаниязов, облыс әкімінің орынбасары:
Қамбар Бекенов, тілші:
-Тұщымды жауабыңызға рақмет. Сырдың бойына жақын қоныс тепкен 50 шақты елді мекен бар.
Соған орай өңірде 68 қабылдау және 59 эвакуациялық жинақтау бекеті жасақталды. 136 мекеме жұмысшылары 368 техникасымен кезекшілікке қойылған. Оңтүстікте сең жүргенімен облыстың солтүстік аудандарында әлі мұз ұстасып тұр. Мамандар гидротехникалық құрылғылардың су өткізгіштігі, көліктік коммуникация және инженерлік қорғаныс бөгеттерінің беріктігіне аса мән беріп жатыр. Аймақ құтқарушылары тасқын судың алдын алуға бағытталған оқу-жаттығуды дүркін-дүркін өткізді.
Қамбар Бекенов, тілші:
-Гидромамандар өзен бастауынан келген мол суды кедергісіз Қызылорда қаласы маңынан өткізіп, Наурыздың 10-на дейін Әйтек су торабына жеткіземіз деп отыр. Төтенше жағдай қызметінің мамандары айдың аяғына таман мол су Арал теңізіне құяды деп болжап отыр.