Абылай Мырзахметов 2 айға қамауға алынды

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының экс-төрағасы Абылай Мырзахметов 2 айға қамауға алынды.

Бұл туралы Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының баспасөз қызметі хабарлап отыр. Ол алаяқтық және кәсіпкерді, туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға жәрдемдескені үшін аса ірі көлемде пара беруге итермеледі деген күдікке ілінді.

Бұған дейін 10 мамыр күні  Антикоррупциялық қызмет Абылай Мырзахметовтің  ұсталғаны туралы хабарлаған еді. Күдікті Астана полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір қылмыстық іс бойынша тергеу жүріп жатыр.