«ҚазМұнайГаздың» жұмыс тобы серіктестік бензин сатып алу тәртібін бұзған
Былтыр «Өзенмұнайгаз» жұмыс уақыты 300 сағатқа артық орындалған актілерді қабылдаған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оның жалпы сомасы 27 млн теңгеге тең. Қазір орындалмаған жұмыс көлемі айқындалды. Себебі нақтыланып жатыр.
Сондай-ақ «ҚазМұнайГаздың» жұмыс тобы серіктестік бензин сатып алу тәртібін бұзғанын анықтады. Яғни, былтырғы жылдың желтоқсанынан қаңтарға дейін жанармай ақшасын жүргізушілердің картасына аударып келген. Бір ғана қаңтар айында 69 тонна АИ-95 маркалы бензинді заңсыз сатып алған. Тексеру жұмыстары әлі де жалғасады.